- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы шахта жарылысынан...
Қарағандыдағы шахта жарылысынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Қарағандыда Костенко шахтасында болған жарылыстан зардап шеккен 10 адам ауруханада жатыр. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев олардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"10 зардап шеккен адам медициналық мекемелерде бақылауда, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәрежеде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Бөлекпаев.
Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек