Қарағандыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде 3 жастағы баланың қолы эскалаторға қысылып қалған. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Global City сауда орталығында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала эскалаторда тұрғанда сүрініп кеткен, содан кейін оның оң қолы эскалатордың қозғалатын бөлігі арасында қалып қойған. Баланың қолын шығару үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген.
"Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құралды пайдаланып, эскалатор құрылымдарынан 3 жасар баланың қолын шығарып алды. Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, оған ота жасалып жатқанын хабарлады.
"Жағдайы ауыр. Оған ота жасалып жатыр. Оған толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дабыл дорбасында не болуы керек?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!