Қарағандыдағы полиция пунктінде жұмбақ жағдайда көз жұмған әйелдің артында ұлы қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриот" Telegram арнасына сілтеме жасап.
Арна мәліметінше, марқұмның жасы 23-те болған, артында 4 жастағы ұлы қалған. Ол еш жерде жұмыс істемеген және учаскелік полиция қызметкерімен таныс болған.
Марқұмның туыстары өлімнің нақты себебін білу үшін химия-токсикологиялық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.
Ал дәрігерлердің айтуынша, Қарағандыдағы Михайлов полиция пунктінен ес-түссіз табылған учаскелік инспектор ауыр хәлде болған. 36 жастағы полиция қызметкерінің жағдайы әлі де ауыр, бірақ өміріне қауіп жоқ екені айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда полиция пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйелдің денесі табылғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова