Қарағандыда екі алапат өртті сөндіруге 300-ге жуық құтқарушы мен тікұшақ жұмылдырылды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті тікұшақтан өрттің салдарын көрсетті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Өрттен Қарағанды шаруашылығының орман және жануарлар дүниесін қорғау аумағының 70 гектар жері зардап шекті, оның 40 гектары орман.
Тікұшақтан түсірілген өрттен зардап шеккен жерлерді көруге болады.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Алдын ала есептеулер бойынша, өрттің жалпы ауданы 200 гектар.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағандыда Осевая көшесінің шетіндегі орманнан шыққан өрт кезінде алты саяжайға зақым келген. Сондай-ақ, қала маңындағы жеті аудан аумағындағы 15 шаруашылық ғимараты жартылай өртенді. Өртсөндірушілер үйлерден 5 адамды құтқарды, тағы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Бүгінде екі өрт те бақылауға алынды, құтқарушылар өртті ауыздықтады, жанып жатқан аумақ жоқ.
Өртті жоюға ТЖД, 52859 әскери бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығының және Қазавиаспаның 289 адамы мен 68 техникасы жұмылдырылды.