Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде Халықаралық әйелдер күнін тойлау кезінде ер адамдар жаппай төбелес шығарған. Мекеме басшылығы полиция шақыруға мәжбүр болды. Төбелеске қатысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 8 наурызда қаладағы танымал мейрамханалардың бірінде болған. Мереке қарсаңында мекемедегі бос орын болмаған. Бір кезде келушілер арасында жанжал басталған. Жанжалға ерлер де, әйелдер де қатысқан.
Төбелеске қатыспаған келушілердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған. Видеода төбелеске қатысқысы келмегендер мейрамханадан кетіп жатқаны көрінеді. Төбелеске қатысушылардың бірі орындықты алып, онымен қарсыласын ұрмақ болғаны көрінеді.
Мекеме басшылығы полиция шақыруға мәжбүр болды. Полицейлер төбелеске қатысқандарды анықтап, ұстады.
Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір дәрігерлер адамдардың алған жарақатын анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр.
"Оқиғаға қатысқандар анықталып, ұсталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!