Қарағандылық құтқарушылар мейрамханадағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 1 шілдеде қаладағы мейрамханалардың бірінде 180 шаршы метр болатын шатыр өртенді.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт әрі қарай тарамады.
Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Алдын-ала себебі анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!