Ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға 2 сағаттан кейін ғана түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты. Оның сөзінше, ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға 2 сағаттан кейін ғана түскен.
"Бұл жерде негізі оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған. Бірақ өкінішке қарай, ол хабар бізге 18:08 минут кеткенде түскен. Былай айтқанда, 2 сағаттан кейін түсіп отыр. Ол біздің азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Біздің күш-құралдар ол жерге санаулы минуттарда жетті. Бірақ өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып, әкімшілік іс қозғалды", - деді Бауыржан Сыздықов.
Сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті екенін атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!