- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы эскалаторда болған...
Қарағандыдағы эскалаторда болған оқыс жағдай: дәрігерлер баланың қолын аман алып қалды
Қарағандылық дәрігерлер эскалаторға қысылып қалған кішкентай баланың қолын аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Global City сауда орталығында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала эскалаторда тұрғанда сүрініп кеткен, содан кейін оның оң қолы эскалатордың қозғалатын бөлігі арасында қалып қойған. Баланың қолын шығару үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген. Баланың анасы бұл кезде оның қасында болған. Баланың жасы 2,5-да екен.
Бала жедел-жәрдеммен облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оны бірден ота бөлмесіне апарған. Бірнеше сағаттан кейін қарағандылық дәрігерлер сәбидің қолын аман алып қалғанын хабарлады.
Бала қазір облыстық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр.
Құтқарушылар ата-аналарды балаларды эскалаторға мінгенде қараусыз қалдырмауға үндеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан