- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы автобус апатынан...
Қарағандыдағы автобус апатынан 18 адам зардап шекті
Дәрігерлер Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, 18 адам зардап шеккен.
"18 науқас түсті. Жағдайы ауыр екі адам біздің ауруханаға жеткізілді. Ем-шаралары қолданылып жатыр. Бүгінде олар операция бөлмесінде. Өмірлеріне қауіп төніп тұрғандықтан ота жасалып жатыр", - дейді Мақажанов көпбейінді емхананың травматология орталығының басшысы, МЕАҚ "ҚМУ" хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Берік Төлеубаев.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында екі автобус соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болғаны хабарланған еді. Салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды. Бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина