- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы ауруханада мастурбация...
Қарағандыдағы ауруханада мастурбация жасаған ер адам жауапқа тартылды
Қарағандыдағы ауруханада мастурбация жасаған ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотына сілтеме жасап.
Бұған дейін "Instagram" әлеуметтік желілерінде Қарағанды қаласының емханасында ер адамның әдепсіз мінез-құлқы туралы хабарланған болатын.
1 маусымда А. есімді ер адам Қарағанды қаласының емханасында қоғамдық орында бола тұра, өзінің жыныс мүшесін ашып, мастурбациямен айналысқаны, сол арқылы айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталған.
"ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің диспозициясы ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Құқықбұзушы кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкініп, оның кінәсі сотта зерттелген іс материалдарымен, соның ішінде бұзушылықтың бейнежазбасымен толық расталды", - делінген сот хабарламасында.
ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзі де, басқа адамдар да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Тұрғылықты жері бойынша теріс сипатталатын кінәлінің жеке басын ескере отырып (бұрын кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған ретінде ІІО-да есепте тұрады), қоғамдық резонанс тудырған қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, сот осы баптың санкциясында көзделген 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі ең жоғары жазаны қолданды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина