Қарағандыда құтқарушылар егде жастағы әйелге көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының Восток-2 шағынауданында көршілерден көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұратын қарт әйелдің ұзақ уақыт бойы қоңырауларға жауап бермей, пәтер есігін ашпағаны туралы хабарлама түсті.
Шақырту орнына ТЖМ қызметкерлері келіп, автосаты көмегімен көтеріліп, балкон арқылы пәтерге кірді.
1944 жылы туған әйел адам еденде құлаған күйде табылды. Ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз