Қарағандыда қатты жел кезінде ағаш бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты. Оқиға Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Дәрігерлер көмек көрсеткенімен, 5 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты соталды тергеу басталған.
"Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облысының полициясы.
Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Жылдамдығы секундына 18 метрге жеткен қатты жел кезінде бес жасар баланың үстіне ағаш бұтағы құлаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова