- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда үш секс-притон...
Қарағандыда үш секс-притон әшкере болды
Қарағандыда массаж жасайтын орталық атын жамылған үш секс-притон әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыныстық қызмет көрсеткен жұмыскерлер мен жезөкшелер, сондай-ақ притон иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қарағанды облысы полиция қызметкерлерінің айтуынша, негізінен массаж салоны деп ашылған притонда ақылы интим қызмет көрсеткен.
"22 қызметкер жезөкшелік қызмет көрсеткен. Олар - басқа облыстардың тумалары. Оларға үй-жайды жалға берген қыздар мен үй иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұсталғандар арасында кәмелетке толмаған қыздар жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек