Қарағандыда үш жасар бала күтушілер тарапынан қараусыз қалып, жолға шығып кеткен. Бала көліктің астына түсе жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жолда келе жатқан жүргізушілер баланы байқап, тоқтаған. Олар сәби жеке балабақшадан екенін хабарлаған. Куәгерлердің бірі баланы балабақшаға алып барған.
Арна мәліметінше, Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі жекеменшік балабақшалардың жұмысын бақыламайтындарын, сондықтан баланың мектепке дейінгі мекемеден шығып кеткені туралы ақпаратты растай да, жоққа шығара да алмайтындарын мәлімдеген.
Айта кетейік, бұған дейін де Қарағандыда 4 жасар қыз балабақшадан жалғыз өзі кетіп қалған. Ол үйіне жету үшін көлік көп жүретін жолды кесіп өткен. Бала көрші аулаға жеткенде, оны көршісі байқап, үйіне алып келген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!