- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда үш алып...
Қарағандыда үш алып нәресте дүниеге келді
Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді. Бірінің салмағы бес жарым келі болса, қалған екеуі де соған шамалас. Құрсақ отасы арқылы дүние есігін ашқан сәбилер аман-есен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бес келіден артық болып туған нәрестелердің үшеуі де – қыз. Олардың алып болып туатыны бір ай бұрын болжанып, жоспарлы отаға жатқызылған. Бәрі сәтті өтіп, анасы балаларын қолына алды.
Жалпы жыл басынан бері Қарағандыда осындай 59 бала дүниеге келген. Он баланың салмағы бес жарым келінің айналасында болған. Бұл – ауыр салмақ.
Дәрігерлердің сөзінше, кейінгі кезде алып балалардың жиілеуі дұрыс емес. Өйткені бұл баланың да, ананың да денсаулығына қауіп төндіреді. Әйелдер жүктілікке ерте дайындалып, ең алдымен ағзасындағы қант деңгейін тексеруі керек. Тамақты, оның ішінде фастфудты көп жеу мен аз қозғалу да іштегі баланың тез өсіп кетуіне әсер етеді екен.
"Тәтті нан жейді. Қимыл-қозғалысы аз. Көп серуендеу керек. 5 келіден асса, онда шешімді консилиуммен қабылдаймыз, ананың да, баланың да жарақатын төмендету үшін құрсақ отасын жасау керек", - дейді Қарағанды облысы клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығының меңгерушісі Жарқын Нұркеева.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан