Қарағандыда Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда 12-шағынауданда бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды, жиһаз, үй заттары және балконның ішкі ағаш қаптамасы өртенді. Қатты түтіннен үй тұрғындарына үлкен қауіп төндірді.
"ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 12 адам, олардың арасында 5 бала эвакуациялады. Сонымен қатар жанып жатқан пәтерден үш тұрғын құтқару қалпақтарын пайдалану арқылы таза ауаға шығарылды", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған. Олардың бірі көрсетілген көмекке қарамастан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Бірінші зардап шеккен адам Апаттар медицинасы орталығы филиалының жедел әрекет ету бригадасының көмегінен кейін ауруханаға жатқызылып, екіншісі тексеруден кейін босатылды.
Өрт толығымен ауыздықталды, оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз