Әлеуметтік желіде әйелдің 3-4 жасар қыздың шашын бірнеше рет тартқаны түсірілген видео тарады. Видеоны таратқан қолданушының сөзінше, бұл Майқұдықтағы "Арман" бөбекжай-балабақшасында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Майқұдықтағы 12-шағын ауданда орналасқан "Арман" бөбекжай-бақшасы. Мұғалім қыздың шашын қалай тартып жатқанын қараңыздаршы! Мен мұны видеодан кездейсоқ көріп қалдым. Бұл қыздың ата-анасы баласын кімге тастап кетіп жүргенін білмейтін шығар. Міне, біздегі балаларға қарым-қатынастың сиқы. Кеше бұл балабақшаға цирк келген, міне, олар ондағы балаларға осылай қарайды...", - деп жазды автор.
Публикация от Общественный блог Караганды ? (@narodnyi_control_krg)
Қарағандының білім бөлімі бұл оқиғаның "Арман" балабақшасында болғанын растады.
"1 ақпанда "Арман" балабақшасының әкімшілігі білім бөліміне тәрбиешінің көмекшісінің балаға дөрекілік танытқанын хабарлаған. Жұмыста мұндай фактілерге жол беруге болмайды. Баланың ата-анасынан кешірім сұрады", - деді білім бөлімі.
Бұған қоса, білім бөлімі балабақшаны тексеретінін айтты.
"Балабақша директорына еңбек заңнамасы аясында еңбек шарты бұзылғанға дейін қызметкердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау ұсынылады", - деді қалалық білім бөлімі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!