Қарағандыда Федоровский су қоймасының аумағынан белгісіз ер адам өлі табылды. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адамның денесін жергілікті балықшылардың бірі тауып алған. Ол полиция шақырды. Ер адамның жеке басы әлі анықталған жоқ.
"11 шілдеде Федоровский су қоймасының аумағынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ 50-55 жастағы ер адамның мәйіті табылды, бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қарағандылық еріктілер полицейлермен бірге марқұмның туыстарын іздестіріп жатыр. Ер адам зауыт жағындағы су қоймасы аумағынан табылғаны хабарланды. Ер адам көк түймелері бар қара футболка, қара белбеулі көк джинсы, қоңыр түсті туфли киген.
"Бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден +7 778 872 05 13, + 7 708 352 64 60 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз", - деді жергілікті еріктілер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!