Қарағандыда студенттердің 2 млн теңгеден аса ақшасын иемденген әйел ұсталды

Қарағандыда студенттердің 2 млн теңгеден аса ақшасын иемденген әйел ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда студенттерге арзан баспана ұсынып, ақшасын иемденген 31 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті әлеуметтік желіде шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыру жариялап, жәбірленушілерден алдын ала төлем алып отырған. Алаяқтық схема тамызда басталған. Жарнамадағы пәтерлердің суреттері интернеттен алынған.

Арзан баспана іздеген жастар хабарландыруда көрсетілген нөмірге хабарласып, пәтерді жалға алу үшін алдын ала төлем жасаған. Алайда ақша аударылғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Ал уәде етілген пәтерлер шын мәнінде болмаған.

Бірнеше жәбірленуші полицияға шағымданып, кейін жедел қызметкерлер күдіктіні ұстаған. Тергеу барысында алаяқтықтың 10 дерегі дәлелденген.

"Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 2,2 миллион теңгеден асты. Барлығы - арзан баспана іздеген студенттер. Күдіктіге қатысты алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget