Қарағандыда көрші мемлекеттің азаматы жол ережесін бұзып, 5 миллион теңге айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер Honda Accord көлігінің жүргізушісін жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушінің басқа елдің тұрғыны екені және Қарағандыда болған аз уақыт ішінде жол ережесін бұзып, 5 миллион теңге айыппұл арқалағанын анықтады.
Негізінен айыппұлдар жылдамдықты көп рет асырғаны үшін жазылған.
Барлық айыппұл төленгенше көлік айып тұрағына жіберілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!