Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт дерегі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі).
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді", - делінген хабарламада.
Жергілікті жерде тергеу жұмысын бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ Министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіріп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!