Қарағандыда жабық шлагбаумды айналып өтіп темір жолды кесіп өтпек болған жеңіл көлікті пойыз жаншып кетті. Салондағы екі жолаушы сол сәтте опат болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жүз метрге дейін сүйрелген көлікте отырған алты адам әбден жаншылған. Екеуі сол жерде жан тапсырса, көліктің 31 жастағы жүргізушісі мен тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
"Өте ауыр жағдайда жеткізілді. Аяқ-қолы, жамбас сүйектері сынып, іш құрылыстары езіліп кеткен. Бәрі жансақтау бөліміне жатқызылды. Мүмкіндігінше ота жасалып жатыр", - деді травматолог Ерік Шонбаев.
Еске салайық, бұған дейін Астанадан Шымкентке шыққан пойыз екі теміржолшыны қағып мерт қылғанын жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!