Қарағандыда полиция пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда полиция пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, өткен түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің денесі табылған. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері болған, ол ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұловтың айтуынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған, арнайы жедел тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу де тағайындалған.

"Барлық іс-әрекет жан-жақты тергеледі, ал кінәлілер қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Бұл істің тергелу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!