Қарағанды аудандық сотында полицейлерден ақша талап еткен 28 жастағы ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыстық іс материалдарында ер адам өзінің серіктесімен бірге полиция қызметкерлерін видеоға түсіріп, олардың әрекеттерінен заңбұзушылық тапқысы келгені жазылған. Былтыр қазанда ол қала көшелерінің бірінде бағдаршамның қызыл сигналына тоқтамай, жүріп кеткен патрульдік көлікті түсіріп алған еді.
Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы полиция патрульін ұстап алып, өзін блогер ретінде таныстырып, қорқыта бастаған. Үнсіздігі үшін ол 150 мың теңге сұраған. Параны алғаннан кейін ол сол күні ұсталды. Сотта 28 жастағы қарағандылық кінәсін мойындамады. Ол 2020 жылдан бастап блогер екенін және полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылықтарын тіркеу үшін әдейі түсірілім жүргізгенін айтты.
"Қазыбек би аудандық соты ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталушыларды кінәлі деп таныды. Сот блогерді 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оның серіктесіне 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", -деп хабарлады Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.