Қарағанды облысында ерекше рейд өтті. Полицейлер республикалық маңыздағы жолдарда автокөліктерді тоқтатып, шаршаған жүргізушілерді ұйықтауға жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл шара жолдағы апаттардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Рейд кезінде Қарағанды–Балқаш учаскесінде полицейлер сол түнде 15 жүргізушінің көлігін әрі қарай жүріп кетуге тыйым салған. Себебі олар ұзақ уақыт ұйықтамай рөлде отырып, шаршағаны байқалған.
Қарағанды облыстық полиция департаменті мәліметінше, биылдан бері өңірде 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 96 адам қаза тапқан. Сол оқиғалардың 50-ден астамы жүргізушілердің жолда ұйықтап кетуінен болған.
"Облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, жүргізушілердің сегіз сағаттан артық рөлде отырғаны туралы ақпарат полицейлердің планшеттеріне автомат түрде түсетін механизмді іске қосып жатырмыз. Уақыт шектен асқан жағдайда біз оларды тоқтатып, демалғанға дейін жолға жібермейміз", – деп түсіндірді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқарат Қайыров.
Сонымен қатар, кейбір жүргізушілер бұл шара тосын, бірақ пайдалы екенін айтты.
"Алғашында сәл ыңғайсыз болды: сені тоқтатып, тіпті ұйықтауға мәжбүрлейді. Бірақ егер бұл апаттардың алдын алуға көмектессе, онда бәрі дұрыс", – деді рейд қатысушылардың бірі.
Өзбекстан азаматы Әхрорбек Камбаров да түн бойы ұйықтамай келе жатқанын және полиция оны тоқтатып, демалуға мәжбүрлегенін айтты.
"Бастында таңғалдым, бірақ кейін бұл дұрыс екенін түсіндім. Жолда кейде қиын жағдайлар болады, кейде өзің байқамай ұйықтап кетесің", – деді жүргізуші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек