Қарағандыда өзінің жұмыс орнын тонап кеткен адам ұсталды

Қарағандыда өзінің жұмыс орнын тонап кеткен адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Қарағандыда өзі жұмыс істейтін сұлулық салонынан ақша ұрлаған қызметкер сыбайласымен бірге ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша салон қызметкері жұмыс орнының ішкі тәртібін, жұмыс кестесін және ақша сақталатын орынды жақсы білген. Ол осы мүмкіндікті пайдаланып, сыбайласымен сөз байласып, салонға заңсыз кіріп, кассадағы ақшаны жымқырған.

Қылмыс болған сәт салонда орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбаларды зерделеу барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел анықтаған.

Салон иесі таңертең жұмысқа келген кезде ақша жоғалғанын байқап, полицияға хабарласқан. Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.

"Нәтижесінде күдіктілер қаладан шығып кетуге әрекет жасаған кезде теміржол вокзалында ұсталды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget