- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда "Мерекелі желтоқсанның...
Қарағандыда "Мерекелі желтоқсанның онкүндігі - 2016" акциясы басталды
Қарағанды облысының Әділет департаментінде "Мерекелі желтоқсанның онкүндігі - 2016" акциясы басталды, онда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көзделген, - деп хабарлады Қарағанды облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.
Акцияға департаменттің, әділет басқармасының және сот орындаушыларының аумақтық бөлімшелері, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысады.
Ол бүгін департаменттің ақпараттық тобының "КарГорМаш" ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізумен ашылды, онда Елбасының Жолдауы, заңнамадағы жаңалықтар, әділет органдарының қызметі, ДЭБ ЖБҚИ рейтингінде көрсеткіштерге қол жеткізу және т.б. мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар "2016 мерекелі желтоқсанның декадалары" аясында балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, түзету мекемелерінде бас бостандығынан айрылғандармен кездесулер, Заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің жиналысын, бизнес-қауымдастық өкілдермен "дөңгелек үстел", авторлар мен өнертапқыштар үшін Ашық есік күнін, балалар үшін іс-шаралар, бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг және т.б. өткізу жоспарланған. Акция соңында әділет органдарының ардагерлерімен кездесу, алимент өндірушілерге материалдық көмек көрсету, күміс және алтын тойлар иегерлерін құттықтау ұйымдастырылатын болады. Барлығы 25 шара өткізу жоспарлануда.
Әділет департаменті басшылығының пікірі бойынша шаралар, Тәуелсіздік құндылықтарының әр адамның санасында орнығуына, Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдарындағы қол жеткізгендерінің ауқымдылығын түсінуге, қазақстандықтардың бірігуіне, патриотизмнің нығаюына, еліміздегі және аймақта болып жатқан жаңалықтарға өзінің жеке қатысы бар екендігін түсінуіне, Отанының тағдырына жауапкершілікті сезінуін қалыптастыруға, сонымен қатар мелекеттік органдардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін түсінуге ықпал етуі қажет.
T. Кіршібаев