Қарағандыда массаж салондарының біріне рейд жүргізіліп, тосын нәрсе тәркіленді

Қарағандыда жергілікті массаж салондарының бірінен азот тотығын заңсыз өткізу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көңілкөтергіш" атауымен белгілі бұл зат кейінгі уақытта ойын-сауық мақсатында қолданылып, құзырлы органдар тарапынан ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.

"Тінту кезінде мекеме иелерінен 10 литр болатын екі баллон азот тотығы және оны тұтынуға арналған шарлар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, соның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!