- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құрылысшы қаза тапты
Қарағандыда лифт істен шықты: тағы бір құрылысшы көз жұмды
Фото:
depositphotos.com
Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйде құлаған лифт салдарынан тағы бір адам көз жұмды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 қазаннан бері реанимацияда болған екінші құрылысшының қайтыс болғаны белгілі болды.
Осы себепті қылмыстық іс тергеліп жатқан баптың біліктілігі өзгертілді. Енді тергеу "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйдегі лифт істен шығып, бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә