Қарағандыда лифт істен шығып, бір адам қаза тапты

Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйдегі лифт істен шығып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Вечерняя Караганданың" мәліметінше, лифтінің ішінде екі құрылысшы болған. Олардың біреуі оқиға орнында қайтыс болған. 

"Байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция департаментінің өкілдері. 

Екінші құрылысшы ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!