Қарағандыда лауазымды полицей жол апатынан көз жұмды

Қарағандыда лауазымды полицей жол апатынан көз жұмды
Фото: instagram.com/policeofkaraganda

Қарағанды Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Бекжан Құсайынов 53 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полковник Құсайынов қаза тапқаны туралы ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, Бекжан Құсайынов еңбек демалысында болған кезінде өз көлігімен жол апатына түскен. Оқиға Қарқаралы маңында болған. Ол тізгінге ие бола алмай, бұрылыста жолдың жетіне шығып кеткен болуы мүмкін.

"Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бекжан Төлеуұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан аса өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауға арнаған. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастаған.

Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек еткен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget