- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда қымбатшылық қысқан...
Қарағандыда қымбатшылық қысқан шаруалар малын жаппай сойып сатып жатыр
Қарағандыда астық бағасы өсіп, шаруалар амалсыздан малдарын сойып сатып жатыр. Қаланы етпен қамтамасыз ететін Үштөбе ауылының 30-дан аса шаруасы осы мәселемен әкімдікке де барған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жағдайды жайылымға арналған жер болмауы одан сайын қиындатқан. Себебі шөп бағасы да қымбаттаған. Ал өңірде мал саны екі есе азайған. Үштөбе ауылының тұрғыны Қаршыға Мұздыбаев - қымбатшылық қысқан шаруалардың бірі. Кебек бағасы кенет көтеріліп, ол да малдарын сойып сатуға мәжбүр болған.
"Жылқы бағып, бие сауып, қымыз сатып күнімді көремін. Бір-ақ күнде кебек қымбаттап кетті. Ондай бағада жем сатып ала алмаймын. Қалтам көтермейді. Амалсыздан барлығын сойып, етке өткізіп жібердім" - дейді Қаршыға Мұздыбаев.
Ал ауыл шаруашылығы басшылары қолдары байлаулы екенін айтып отыр. Олардың сөзінше, қазір жем бағасын бақылай алмайды. Оған себеп диірменшілерге бөлінетін субсидия 6 жыл бұрын тоқтаған. Ондай көмек тек ірі мал шаруашылықтарына беріледі екен.
Жандос Бақытұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz