Қарағандыда көшеге жалаңаш шыққан ер адам жұртты шошытты

Қарағандыда көшеге жалаңаш шыққан ер адам жұртты шошытты
Фото: Видео кадры

Қарағандының Майқұдық ауданында көшеге жалаңаш шыққан ер адам қала тұрғындарын шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарын ер адамның жалаңаш болғаны ғана емес, 10-12 градус ауа температурасында тоңбағаны да таңғалдырды. 

Жалаңаш ер адамды полиция ұстады.

"38 жастағы ер адам Қарағанды облысының психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә