Қарағандыда сұрыптау станциясында көмір тиелген вагон жұмысшыны басып кетті. Ол оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департамент өкілдері мәліметінше, пойыз түзу жолмен жүріп, кейін рельстен шығып кеткен.
"Вагонның арнайы тұғырында тұрған теміржол цехының құрастырушысы жарақат алды. Осы дерек бойынша еңбек инспекциясы басқармасы комиссия тағайындалды. Осы жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу қорытындысы бойынша анықталатын болады", - деді Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!