- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда компьютерлік клубтан...
Қарағандыда компьютерлік клубтан 15 млн теңгенің құрылғылары ұрланған
Қарағандыда компьютерлік клубтан құны 15 млн теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 33 жастағы компьютерлік клубтың иесі арызданып, белгісіз біреу орталықтан монитор, процессор, жады және видеокарталарын ұрлап кеткенін хабарлаған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеру барысында құлыптың бұзылмағанына назар аударған. Сондықтанда полицейлер қаскөйдің кілт таңдаған немесе сол орталықтың кілті оның қолында болған деген болжамға келді. Сонымен қатар ұрлық жасаған күдіктінің қандай заттардың құнды екенін білген деген болжам жасалды.
Алдын ала тергеу әрекеттері барысында сол орталықтан ұрлық болардан бірер күн бұрын 23 жастағы программист болып жұмыс жасаған азаматтың жұмыстан кеткені және онда барлық бөлмелердің кілті болғаны белгілі болды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина