Қарағандыда колледж студенттері бір-бірін пышақтап тастаған

Қарағандыда колледж студенттері бір-бірін пышақтап тастаған

Қарағандыда студент басқа студентке пышақ сұғып алған. Бұл колледж маңында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

17 жастағы студент 19 жастағы студентті жарақаттап, салдарынан екіншісі ауруханаға жеткізілген.


Полиция колледждің пышақпен қаруланған студенті ұсталғанын хабарлады.

"17 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодексің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова