- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда көлік бағанаға...
Қарағандыда көлік бағанаға соғылды: жүргізуші қаза тапты
Фото:
ekaraganda.kz
Қарағандыда темір тірекке соғылған жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі eKaraganda-ға сілтеме жасап.
Lada көлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, шам бағанына соғылды. Кейін көлік қатты соққыдан ағашқа соғылған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Бұл дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Полиция қызметкерлері сараптама қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатынын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек