- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Азаптау ісі
Қарағандыда ҚАЖД басшы орынбасары сотталған адамды азаптаған
Қарағандыда қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлім басшысының орынбасары сотталған адамды азаптаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарды.
Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды.
Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды және одан жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі.
Соталды тергеуді облыс прокуратурасының Соталды тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек