Қарағандыда жұмысшыны топырақ басып қалған

Қарағандыда құтқарушылар топырақ астында қалған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топырақ толы шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алған.

"Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - деді ТЖМ өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!