- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда жол ережесін...
Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды
Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында желі қолданушыларының бірінің Қарағанды қаласындағы Назарбаев даңғылында жолдың тайғақ екеніне қарамастан, жылдамдықты асырып, жол жүру ережесін өрескел бұзған Toyota автокөлігі жүргізушісінің бейнежазбасын анықтады.
Көлікті 32 жастағы ер адам басқарған. Жүргізушіге апаттық жағдай туғызған жол жүру ережесін бұзу және маневрлеу ережесін бұзу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл құқық бұзушылыққа байланысты жүргізушіге 55380 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина