Қарағандыда жер үйдің бірінен өрт шығып, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 2 қарашада Луганская көшесінде орналасқан бір қабатты үйде болған.
"Жалпы ауданы 80 шаршы метр аумақта тұрғын үйдің, үй заттары мен жиһаздың ағаш конструкциялары өртенді. Оқиға болған жерден 1953 жылы туған әйел мен 1980 жылы туған ер адамның денесі табылды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!