Қарағандыда жазда басталған жол жөндеу жұмысы аяқсыз қалған

Қарағандыда жазда басталған жол жөндеу жұмысы аяқсыз қалған. Бұған жүргізушілер мен тұрғындар наразы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Седьмой канал" телеарнасына сілтеме жасап.

Қарағандылық Антон Мыцик такси жүргізушісі болып еңбек етеді. Тәулігіне 12 сағат көлік тізгіндейді. Сондықтан қала көшелерін бес саусағындай біледі. Десе де кейінгі айларда жүйкесі жұқарғанын айтады.

"Жол жөндеу жұмыстары биыл да жүйесіз басталып, аяқсыз қалайын деп тұр. Шұрық-тесік жолмен күнде жүрміз", - дейді ол.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, биыл Қарағандыда 115 шақырым жол жөнделуге тиіс. Оған 16 миллиард теңге бөлінген.

Телеарна мәліметінше, әкімдік қызметкерлері жұмыс кестесінде ешқандай іркіліс жоқ деп сендірген. Жұмыс толық қарқынмен 1 қарашаға дейін аяқталады деп уәде еткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!