Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Қала ортасында 6 көлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 2 қыркүйекте сағат 14.15 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Соталды тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимінен аспауды ескертеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!