Қарағандыда өртсөндірушілер жанармай құю бекетіндегі жарылыстың алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Қазыбек би ауданы Волгодонская көшесі бойында жанармай құю бекетіне жапсарлас салынған ғимаратта автодөңгелек, жиһаздар мен құрылыс материалдары жанып кеткен.
ТЖМ күштерімен өрт 30 шаршы метр алаңда сөндірілді.
"Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!