Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам көз жұмды

Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам көз жұмды
Фото: Видео кадры

Қарағандыда газ баллоны жарылып, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

22 қаңтарда қаладағы жылдам тамақтанатын дүңгіршекте 17 литрлік газ баллоны жарылған. Оқиға кезінде тағы екі баллон шығарылған.

"Жарылыстан 4 адам зардап шекті: дүңгіршектің иесі, екі курьер және сауда жасап тұрған қала тұрғыны. Біреуі емделіп шықты, тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр", - деп жазылған арна мәліметінде.

Дәрігерлер зардап шеккендердің денесін күйік шалғанын айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget