Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.
"Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, департамент өрт салдарынан күйік шалып 1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!