Қарағандыда эскалаторға мінген адамды бейтаныс біреу теуіп құлатты

Қарағандыда эскалаторға мінген адамды бейтаныс біреу теуіп құлатты
Фото: видеодан алынған кадр

Қарағандыдағы "Сити Мол" сауда үйінде ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігітті еш себепсіз арқасынан тепкен. Ол бұл соққыдан ұшып түсіп, құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы karaganda.city парақшасында пайда болды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karaganda | Караганда ?? (@karaganda.city)

"25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психияторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды", - деп хабарлады полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан