Қарағандыда полицейлер жергілікті тұрғынға шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 13 сәуірде Қарағандының 15-шағынауданында болған. 43 жастағы ер адам пышақ жарақатымен емдеу мекемесіне жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!