- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда ер адам...
Қарағандыда ер адам көлігінде тірідей жанып кетті
Қарағандыда 41 жастағы ер адам көлігімен ағашқа соғылып, тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жантүршігерлік жол апаты қаладағы Вагонная көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Артынша Mercedes-Benz 124 автокөлігі жанып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарағанды облысының ТЖД өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Жол апаты салдарынан 1982 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өрт 18.08-де сөнідірілді", - дейді ведомство өкілдері.
Ресми деректер бойынша, жол апатына қатысты сараптама тағайындалған.
"Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина