- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда ер адам...
Қарағандыда ер адам қайын атасын өлтірмек болған
Қарағандыда ер адам қайын атасын өлтірмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде екі ер адамның арасында жанжал болып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлері оқиға 59 жастағы ер адам мен оның 52 жастағы күйеу баласының арасында болғанын анықтады. Қайын атасы күйеу баласына босқа жүре бермей, жұмыс істеу қажетін айтқан. Бұған күйеу бала ашуланып, жанжал шыққан.
Арада пайда болған келіспеушілік салдарынан 59 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған. Ал күйеу баласы оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99 бабымен (Адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс қозғалды.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек